07:30, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Жалағаш ауданында «Серпін» атты өндірістік аймақ құрылмақшы - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында индустрияландыру бағытындағы «Серпін» атты өндірістік аймақ құру жоспары бар.
Аудан орталығынан 22 гектар жерді құрайтын аймақта 5 жоба іске асырылмақшы. Оларға жылыжай, мал сою цехы, құрылыс материалдары өндірісі қосылады.
2011 жылы ауыл шаруашылығының барлық егіс түрлері 30512 гектар жерге орналастырылса, оның 17600 гектары күрішке арналды. Күріштің өнімі әр гектарға 51 центнерден келді. Ауданда тыңайтқыш пайдалану, дизель отынын пайдалану, сапалы өнім алу жылдан жылға артып келеді. Тек өткен егіс науқанының қарсаңында шаруашылықтар 64 дана жаңа техникаларға қол жеткізді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыста берілген 20 әлеуметтік нысанның екеуі Жалағаш ауданының еншісінде.