Жалақы бойынша борыш азаюда - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. 29 маусым. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы ірі және орта кәсіпорындар өз қызметкерлеріне мерзімі асып кеткен қарызын азайту үстінде - биылғы жылдың 1 маусымында ол 11 млн. теңгеден азайды,  бұл өткен жылғы мәліметтермен салыстырғанда, 16 пайызға төмен,

деп хабарлады аймақтағы статистика басқармасынан.

Қарыздың жалпы сомасымен бірге борышкер-кәсіпорындардың саны да қысқарды. 444 кәсіпорынның ішінде төртеуінің өтелмеген қарыздары бар: екеуі - құрылыс, біреуі - өңдеу өнеркәсібі және тағы біреуі - ауыл шаруашылығы кәсіпорны.

Аймақтарда еңбекке ақы төлеу бойынша өтелмеген борыш Өскемен және Семей қалалары, Зырян және Глубокое аудандары субъектілерінде қалды.

Соңғы жаңалықтар