Жалақы төлемеген оралдық кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, 12 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қала прокурорының көмекшісі Эльвира Жұмашеваның хабарлағанындай, прокурорлық ықпал ету актілеріне сәйкес «Амрита» ЖШС-дан 107 қызметкердің пайдасына 8,7 млн. астам теңге, «Нұржанар» АҚ-дан 86 қызметкерге 3,3 млн. астам теңге, «Жайық жарығы» ЖШС-дан 105 адамға 7,6 млн. астам теңге, «Күзет» мамандандырылған күзет кәсіпорны» АҚ филиалынан 72 қызметкерге 2 млн. жуық теңге, «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС-дан 27 қызметкерге 2,5 млн. астам теңге, «Уныш» кәсіпорнынан 37 қызметкерге 2,5 млн. астам теңге, «Газ-С» ЖШС-дан 18 қызметкерге 2 млн. жуық теңге, «Күмбез» ЖШС-дан 24 қызметкерге 3,7 млн. астам теңге жалақы қарызы өтелді. Осылайша, 476 адамның құқығы қорғалды.
Жалақыны бірнеше рет кідірткен қаладағы ірі кәсіпорындар басшысының бірінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар прокуратура анықтаған заңбұзушылықтар бойынша 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.