Жалған кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекетке 12,8 млн. теңге залал келтірген азамат сотталды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарған «БатысҚұрылысКомфорт» ЖШС директоры Д.Виноградский Орал қалалық сотының үкімімен 1,5 жылға бас бостандығынан айырылып,
None
None
жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болды. БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азамат белгісіз тұлғалармен қылмыстық ымыраласу арқылы жалған келісімдер жасап, 47,9 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Онымен қоймай, 2007 жылы 42,9 млн. теңге көлемінде жылдық табысқа қол жеткізсе де, 12,8 млн. теңге табыс салығын жасырып қалған. Д.Виноградскийге ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі «в» тармағы және 222-бабы 2-бөлімі бойынша айыптар тағылып, сотталумен қатар мемлекет пайдасына 12,8 млн. теңге өндірілді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум