19:11, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Жалған нөмірлі көліктермен жүрген 12 адам ұсталды - Қарағанды облыстық ІІД
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық жол полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері үш күннің ішінде жол-көлік ережелерінің 1388 бұзушылығын анықтады.

Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 40 жүргізуші алкогольдік мас күйінде ұсталса, 411-і жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, жалған нөмірлері болған көліктерді жүргізген 12 адам ұсталды, 7 мотоцикл тиісті құжаттардың болмауынан айып тұрағына қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында апаттар санын төмендету мақсатында жол-көлік қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау және алдын алу бойынша жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды.