Жалпы алғанда қазіргі таңда Алматы және Жамбыл облысында аусылдың 7 ошағы тіркелді - АШМ

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат -  Жалпы алғанда қазіргі таңда елімізде аусылдың 7 ошағы тіркеліп отыр, оның 4-еуі Алматы облысында болса, 3-еуі Жамбыл облысында.
None
None

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мереке Тайтубаев мәлім етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аусылдың жаңа ошағы Жамбыл облысы Қордай ауданының 135-шақырымында орын алса, тағы бір ошақ Алматы облысы Жамбыл ауданының Үңгіртас селолық округінің «Мұса» мал жайылымында орналасқан «Болашақ» шаруа қожалығында белгіленген. Шаруашылықта барлығы 115 ірі қара бар. Аталған ірі қара негізінен мал базарынан және Алматы облысы Жамбыл ауданының әртүрлі шаруа қожалықтарынан алынғаны белгілі болып отыр.

«Сонымен аусылдың 7 ірі ошағы тіркеліп отыр. Оның 4-еуі Алматы, 3-еуі Жамбыл облысында. Алматы және Жамбыл облыстарындағы аусыл ошағында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере келе, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары жедел тәртіппен шаралар атқаруда. Ауру малдарды анықтау бойынша ауылдарды аралау күшейтілді, індет анықталған жағдайда патологиялық материалдың сынамасы алынып, зертханаға жіберіледі. Экспресс-тәсілмен диагнозын анықтау жұмыстары да ұйымдастырылады. Індет ошақтарына карантин жариялау бойынша әкімдердің де жедел шешімдері қабылдануда. Жергілікті атқарушы орган ветеринариялық қызметпен бірлесе отырып, аусыл ошағын жою және оның басқа да аймаққа таралуына жол бермеу бойынша кешенді жұмыстар жасауда», - дейді М. Тайтубаев.

Соңғы жаңалықтар