Жалпы білім беру мектептеріндегі компьютерлердің 96 пайызы ғаламтор желісіне қосылған - Б. Жәмішев

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Соңғы жылдары республикалық бюджет қаражатымен 60 мектеп, жергілікті бюджет бойынша 30 мектеп салынған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 2008 жылғы бюджеттен 193 млрд. теңге жұмсалды. Республика бойынша мектепке дейінгі 3 мың 673 ұйымдардың қызметі қамтамасыз етіліп, онда жалпы 1-6 жас аралығындағы балалардың 36 пайызы тәрбиеленді. Яғни бұл бағытта 2008 жылы айтарлықтай алға жылжушылық орын алып отыр. Былтыр 6 түрлі тіл бойынша оқу жүргізілетін еліміздің 7 мың 735 білім беру мектептерінде 2,5 миллионға жуық оқушы білім алды. Сонымен бірге, қазақ тілінде білім беру желілерінің үдерісін арттыру жұмыстары да қомақты атқарылды. Мәселен, соңғы үш жылдың ішінде қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 37-ге көбейіп отыр», - деді Б. Жәмішев. Сондай-ақ министр 2008 жылдан бастап қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ҰБТ-ның міндетті пәндер тізбесіне енгізілгенін еске салды. Соңғы жылдары республикалық бюджет қаражатымен 60 мектеп, жергілікті бюджет бойынша 30 мектеп салынған. «Осының нәтижесінде оқушы орындарының тапшылығы 43 мың бірлікке дейін қысқартылды. Бұл бағытта үш ауысымда оқытылатын мектептер саны 22-ге, апатты мектептер саны 15-ке азайды. Ал жалпы білім беру саласын компьютермен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, республикамыздағы 20 оқушыға бір компьютерден келіп отыр. Жалпы білім беру мектептеріндегі компьютерлердің 96 пайызы ғаламтор желісіне қосылған. Бұл еліміз үшін маңызды көрсеткіш болып табылады», - деді Б. Жәмішев.
Соңғы жаңалықтар