Жалпы ішкі өнімдегі шағын бизнестің үлесін арттыруға франчайзингтің қосар үлесі қомақты

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жалпы ішкі өнімдегі шағын бизнестің үлесін арттыруға франчайзингтің қосар үлесі қомақты.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы франчайзинг ? 2009» ІІ Халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Франчайзинг - француз тілінде «бостандық» деген мағынаны білдіреді. Оның қалыптасқанына 100-150 жыл болды. Тарихқа көз жүгіртсек, франчайзинг дағдарыс кезеңдерінде қарқынды дамығанын байқауға болады. Өйткені бұл кезде бизнестің тиімді жаңа технологиялары алға шыға бастайды. Өкінішке орай, қазір біздегі франчайзингтің 98 пайызы шетелдік. Біздің кәсіпорындар көп жағдайда өз сауда белгілерін, технологияларын дамытудың орнына бәрін сырттан сатып алғысы келеді. Оларда шетелде бәрі жақсы деген қате түсінік бар. Сол себепті франчайзингте нақты бизнес емес, алыпсатарлық үстемдік құрып тұр, дейді Орталық Азия франчайзинг пен лицензиялау агенттігінің президенті Бекнұр Қисықов. Оның пайымдауынша, дамыған елдердегідей Қазақстанда да жалпы ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесін 70 пайызға жеткізуге болады. Мемлекет қолдау көрсетсе оған франчайзингтің қосар үлесі өте қомақты. Тек шетелден сауда белгісін емес, өндіріске қажетті нақты технологиялар әкелу керек. Мәселен, Қарағандыдағы компаниялардың бірі АҚШ-тан мрамор жасау технологиясын сатып алып өз зауытын ашып бизнесін жолға қойып отыр. Өкінішке орай, мұндай қадамға барып жатқан кәсіпорындар елімізде әзірге аз. «Кейбір кәсіпорындар тек шетелдіктер үшін ғана бізге таныс емес кафе, мейрамханалар желілерін дамытуда. Оған жұртшылық тарапынан сұраныс туындап отырған жоқ. Олар қарапайым халыққа арналмаған. Бұл экономикалық жағынан да тиімсіз. Егер кәсіпкерлер шетелдіктерге жергілікті ас мәзірін ұсынып, таныстырып, сол арқылы өз сауда белгілерін қалыптастырып жатса - бұл ел экономикасы үшін де қомақты табыс түсіретін бизнеске айналар еді. Сондықтан бүгінгі таңда шетелдік компаниялар Қазақстан нарығына кіруге үлкен ықылас танытып отыр. Егер отандық кәсіпорындардың франчайзингін дамытуға жеткілікті үгіт-насихат жұмыстары жасалса, біздің өндірісшілердің алдында зор мүмкіндіктер туып тұр. Құралай Нұрқаділованың «Құралай», «ФудМастер» компаниясының «ФудМастер» сауда белгілері соның нақты айғағы», дейді Бекнұр Қисықов.
Соңғы жаңалықтар