ЖАЛПЫ ОРТАҚ ЕҢБЕК ИДЕЯСЫН ҚҰРУ: Бүгін күні жастардың еңбекке деген құрметін қалыптастыру аса маңызды

«Уақыт талабына сай Елбасы қоғам алдындағы бірқатар міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әр қазақстандыққа көңіл бөлу керек екендігі назарға ілікті», - деді М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің жастар істері жөніндегі ректордың көмекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Г. Мұхтарқұлова атап өткендей, Тараз мемлекеттік университеті сапалы білім беруді басты назарда ұстайды.
Жоғары оқу орнында 9 жастар ұйымы және 5 студенттік клуб бар. Студенттер қоғамдық маңызды істерден шет қалмайды, жастар ұйымдарында өздерін көрсете біледі, шығармашылықта және спортта белсенділік танытуда.
«Жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы ретінде жоғары оқу орнында жастар саясаты үшін жауапкершілікті сезінемін. Президенттің мақаласы бұл тұрғыда оның негізгі міндеттері мен кезеңдерін айқындап берді», - деді ол.