Жалпы және арнайы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары ақпараттық технологияның қыр-сырына үйренді

АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Mайкрософт» жалпы және арнайы орта білім беру мекемелерінің оқытушыларына арналған  жазғы  мектебіне қатысушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті.
None
None

«Білім жүйесіндегі серіктестік» жобасы аясында өтіп жатқан бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Mайкрософт» компаниясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін биылғы жазғы мектепке республиканың түкпір-түкпірінен 40 оқытушы қатысқан болатын.

«Mайкрософт  мектебін өткізу арқылы біз  ұстаздарға ақпараттық технологиялардан  жан-жақты мағлұмат береміз. Жаңа компьютерлік технологиялар ілімін өз әдістемесінде қолдануға мүмкіндік тудырамыз», - дейді Mайкрософт Қазақстан компаниясының  бас директоры Мартин Кверк.

Оның айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - 12 жылдық білім беру жүйесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және  интернет пен сандық білім ресурсында оқытушылардың тәжірибе алмасуына жол ашу. 

Соңғы жаңалықтар