Жалпыреспубликалық балалар мен жеткіншектер ұйымдарын құру мәселелері Шымкентте талқыға салынуда
мәселелері жалпыреспубликалық «Жас Қыран» балалар ұйымдарын құру сарапшылық жұмыс тобының отырысы болып өтті.
«Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезінде Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» бірегей қозғалысы мен «Жас Қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін құру арқылы ел жастарын біріктірудің қажеттілігі туындап отырғанын айтқан еді.
Бүгінгі Шымкенттегі кездесу - осы тапсырманы орындаудың көрінісі. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты оны ҚР Білім және ғылым министрлігімен және балалар ұйымдарының республикалық одағымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жас Қыран» жобасы орта мектептердің 1-4 сынып оқушыларымен тығыз жұмыс істеуге бағытталған. Ал жеткіншектердің «Жас Ұлан» мектептік ұйымы 5-9 сынып оқушыларына негізделген.
Тәрбие процесінің ұсынылған құрылымын енгізу бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде ел мектептерінде балалар мен жеткіншектердің алғашқы ұйымдарын құру, ұрпақтар сабақтастығы, балалар мен жеткіншектер санасында патриоттық сезімді ояту және тәрбиелеу сынды оң бастамалар бар.