Жамбыл даласында үсіп өлген шопан отбасындағы жазатайым оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды
Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-тергеу шараларының барысында Шу АІІБ-нің қызметкерлері «Қостабан» учаскесінің шаруа қожалығында жұмыс істеген шопан М.Тұрсынбаевтың отбасы 31 желтоқсанның кешінде Жаңа жылды көрші шаруашылықта тұратын таныстарына қарсы алуға барғандығын анықтады.
«1 қаңтар күні сағат түнгі бір шамасында, қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан, қонақтар үйге арбамен кетті, бірақ жолда, өздерінің шаруашылықтарына екі шақырым қалған жерде атын жоғалтып алған оларға жаяу жүруге тура келді. Үй қожайыны көмек шақыру үшін алға қарай кетіп қалды», - деп айтылады ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Екі ересек адам және үш баланың үсіп кеткен мәйіттерін 3 қаңтар күні отбасы басшысы жұмыс істеген шаруа қожалығынан бес жүз метр жерден жергілікті тұрғын тауып алды. Оның зайыбы 40 жаста, ал балалары - 8, 6 және 4 жаста болған, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде.