17:08, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жамбыл облыстық «Еңбек туы» («Знамя труда») газеті өзінің 90 жылдығын атап өтті
sp;ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық «Еңбек туы» («Знамя труда») газеті өзінің 90 жылдығын атап өтті.
«Бұл жылдар ішінде газет өзінің атауын 11 рет өзгертті. Олар - «Әулиеата жаршысы» «Кедейшілік», «Сталиндік жол» және т.б. 1963 жылдан бері газет «Еңбек туы» («Знамя труда») деген атаумен өзгеріссіз шығып келеді», - деді ардагер қаламгер, газеттің бұрынғы редакторы Владимир Козыренко.
Мерейтойға байланысты облыстық драма театрында өткен іс-шарада редакция ұжымы мен ардагерлерді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады.