Жамбыл облысы әкімдігінде Еңбек кодексі нормаларының орындалуы талқыланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінде аймақтық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткен семинар кеңесінде Еңбек кодексі нормаларының орындалуы талқыланды.
None
None

«Бүгінде республикада жобасын талқылау кезінде қызу пікірталас тудырған жаңа Еңбек кодексі дайындалуда. Бірақ әзірге біз қазіргі заң бойынша өмір сүріп отырмыз, оның сақталуы барлық мекемелер мен ұйым басшыларының басымдығында болуы тиіс. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бекітілген нормалар мен ережелер әр уақытта орындала бермейді», - деді семинар кеңесті ашқан облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке.

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Иіс Құдайбергеновтің баяндауынша, облыстық инспекция жамбылдық компаниялардың арасында өндірістегі еңбекті ұйымдастыруда бұзушылықтарға жол беру мониторингін жасап жатыр. «Биыл 100-ден астам заңды тұлға назарға ілінді. Мониторинг 18 маңызды пунктпен өткізіліп жатыр. Басшылардың объективті немесе субъективті себептермен әртүрлі бұзушылықтарға жол беріп отырғаны анықталды», - деді ол. Мәселен, жұмыс берушілердің қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету және тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау бойынша міндеттерінің айтарлықтай бұзушылықтары анықталған.

«Кодекстің алтыншы бөлімінің 317-бабы жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы саласындағы міндеттеріне қатысты болып отыр. Бірқатар жағдайларда жұмыскерлер үшін тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау, олар үшін арнайы киім мен аяқ киімнің берілуін қамтамасыз ету, оларды алдын ала өңдеу, жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдармен, медициналық дәрі-дәрмектермен қамту және т.с.с. қажет. Тәжірибеде біз арнайы киімнің көп жағдайда тозғанын, жұмыскерлердің оны сонда да киіп жүргенін көріп жүрміз. Бұл өкінішті жағдайға әкеп соқтыруы да мүмкін: жарамсыз киім бір жерге ілініп, адамның құлауына әкеліп соқтырса ше?», - деді И. Құдайбергенов

Басшылар кодексте жазылған жекелеген өндірістердің өз жұмыскерлерін сүтпен қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардан сақтандыру талаптарын да үнемі орындай бермей, оны қаражаттың болмауымен түсіндіріп отырады, деді И. Құдайбергенов.

Жекелеген кәсіпорындар емдеу немесе өтемақы төлемдері шығындарын төлемеу үшін өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар бойынша жауапкершіліктен құтылып кетуге тырысады. Бірақ зардап шеккендер медициналық мекемелерден көмек сұрап келсе, бұл көпшілікке мәлім болады. «Жұмыскер өтемақыны кез келген уақытта талап ете алады, себебі осындай оқиғалар үшін өтекен шақ жоқ», - деп атап өтті баяндамашы.

И.Құдайбергенов кәсіпорында қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда орын алуы мүмкін сәттерге егжей-тегжейлі тоқталып өтті. «Мысалы, жалақының кешіктірілуі. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар Тараз металлургия зауытында талай рет орын алған. Және ол жұмыс берушінің кінәсімен орын алған жағдайда, заң бойынша ол жалақы бойынша қарызды өтеп қана қоймай, өсімпұл төлеуі де тиіс», - деді ол.

Мониторинг барысында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма тарапынан кәсіпорындарда қысқартылған орындардың саны да қадағаланады.

Т.Жанкенің айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет мемлекеттің тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын басты міндет етіп қойды. «Бұл жағынан ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бірақ, бұдан бөлек, облыс басшылығы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмысшылар штаттарын сақтап қалуды сұрап отыр», - деп түйіндеді сөзін Т.Жанке.

Соңғы жаңалықтар