Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Гүлжауһар Құшанова Жамбыл облысының әкімдігі Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңа бастығы болып тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Г.Құшанова 1964 жылы туған, жоғары білімді, 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1982 жылы Жамбыл қалалық атқару комитетінде пәтер басқармасының инспекторы болып бастады. 2005 жылғы қаңтардан ? Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті сауда бөлімінің бастығы, 2007 жылғы маусымнан жаңа тағайындалуға дейін Жамбыл облысының әкімдігі Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болды.
Соңғы жаңалықтар