Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы есепті кездесуінде көтерілген 22 мәселенің 20-сы шешімін тапты

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың тұрғындармен өткен жылғы есепті кездесуінің қорытындысы бойынша 22 мәселе ұдайы қадағалауға алынған болатын, деп түсіндірді баспаөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов. «Бүгінгі таңда соның 20-сы шешімін тапты»
Атап айтқанда, Тараз қаласы мен аудан елді мекендерінің бас жоспарларын жасақтауға 123,6 млн. теңге қарастырылды. Қаратау, Жаңатас қалалары мен Қордай, Төле би және Құлан ауылдарының бас жоспарларының жобасын жасау жұмыстары аяқталды.
Облыс орталығын дамытудың бас жоспары бойынша жақын маңдағы аудандардан 6 мың гектар жер қосылды. Бұдан басқа саябақтарды, гүлзарлар мен субұрқақтарды заман талабына сай қайта жаңғырту бағдарламасы жасалды.
58,7 мың тонна көкөніс сақтайтын 60 қойма есепке алынды. Таяу 5 жыл ішінде 600 ветеринар қажеттігі анықталды. Осыған байланысты оларды дайындаудың іс-шаралары бекітілді.