Жамбыл облысы әкімінің шыршасында жүз бала болды
Жаңажылдық мерекелер кезінде «Баласағұн» ОКЗ мұзды шыршалары, аққалалары мен нәзік бағаналары бар Қар ханымының мұз сарайына айналды.
Жаңажылдық театрландырылған көрініске шақырылғандардың арасында балалар үйлерінен, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-аналары мүгедек 9 бен 13 жас аралығындағы балалар болды.
Ертегі кейіпкерлері қысқы шанамен Жамбыл облысы әкімінің сыйлықтарын - мамық кеудешелер, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер әкелді. Бұған жергілікті бюджеттен 2,2 млн. теңге бөлінген еді.
«Маған өте қатты ұнады. Мен Таразда және осындай ғажайып жаңажылдық шыршада ешқашан болған жоқпын. Бұл - нағыз ертегі!», - деп қуанышын бөлісті Мерке ауданының Савва балалар үйінен келген 9 жасар Аня Петряева.
Мерекелік жаңажылдық көріністер Жамбыл облысының барлық аудандарында өтіп жатыр. Білім беру департаментінен хабарлағандай, әлеуметтік қорғалмаған санатындағы 1 115 бала жаңажылдық мерекелер кезінде ықылас пен қамқорлыққа бөленді.