Жамбыл облысы ауылдарының елуден астам аңғал тұрғындары қаржы «пирамидасына» 360 мың теңгеден ақша салды
Қаржы «пирамидасына» 360 мың теңге салғандардың әрқайсысына төрт есе мөлшерде сыйақы беруге уәде етті, алаяқ әйел. 62 мың салымшының біреуі ғана миллион теңге бонус алды. Оңай жолмен ақша тапқысы келген жерлестерін сазға отырғызудs 49 жастағы Тараз тұрғыны көктем шыға бастаған болатын. Есепқор әйел өзінің құрбандығына қаланың емес, ауыл адамдарын таңдаған. Шу және Мойынқұм аудандарында ол елуден астам азаматтарды қақпанына түсіріп, әрқайсысынан 360 мың теңгені қымқырған. Ал салымшылар өздерімен бірге тағы басқа салымшыларды тартса, оларға қосымша сыйақы төлеуге уәде еткен. «Матрицаның» әшкереленуіне қаржы «пирамидасының» 1 миллион 110 мың теңге бонус алған белсендісі себепкер болды. Ол басқа адамдарды тартқаны үшін қосымша сыйақы төлемегеніне наразы болып, қарж полициясына шағым берген.
Алаяқтық жөніндегі осы қылмыстық істе 62 азамат жәбірленуші болып отыр.