Жамбыл облысы көктемгі дала жұмыстарына әзір

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы көктемгі дала жұмыстарына толық әзір.
None
None

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бұл туралы республикалық селекторлық кеңесте мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, климат жағдайына байланысты егін егу науқаны әдетте басқалардан кеш басталатын Жуалы ауданынан басқа, барлық аудан көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті.

Дәнді және басқа да дақылдар егілетін аумақ бұрынғы деңгейее сақталады. Есесіне, өңірде қант қызылшасының ауданы 6 мың гектарға дейін арттырылып отыр.

Жалпы облыс бойынша техниканың әзірлігі 90 пайызға жуық, тұқымдыққа сұраныс толық қамтамасыз етілген, арзандатылған отын мәселесі де шешімін тауып отыр. Яғни, егін егу барысында ешқандай проблема туындамауы тиіс, деп түйіндеді өз сөзін Қанат Бозымбаев.

Премьер Кәрім Мәсімов өз кезегінде, еліміздің Кеден одағына қосылуға байланысты оңтүстік шекараны нығайту жұмыстарының барысы туралы сауал қойды. Қ.Бозымбаевтың айтуынша, бұл мәселемен байланысты барлық қажетті іс-шаралар кеден органдарымен және шекара қызметтерімен бірлесіп жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар