Жамбыл облысы су тасқынына дайындалуда

ТАРАЗ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында су тасқындарына дайындық жүруде, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметіне сүйенсек, 7-8 наурыз күндері күтіліп отырған қатты жаңбырларға байланысты Жамбыл облысының аласа таулы аумақтарында еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары қалыптасуы мүмкін. Тау бөктерлерінен су ағып, аумақтың төменгі учаскелерін су басуы ықтимал.

Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаменті Тараз қаласының, аудандардың әкімдеріне, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жөніндегі облыстық қызметтердің басшыларына алдын алу іс-шараларын өткізу қажеттігі туралы хаттар жолдады.

Жамбыл облысы аумағында су тасқыны кезеңі жыл сайын наурыз айының бірінші онкүндігінен маусымның бірінші онкүндігіне дейін орын алады. Жамбыл облыстық ТЖД мен жергілікті органдар тұрғындарды қорғау және су тасқыны кезеңінде материалдық шығынды төмендету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар