04:35, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында 11 оқушыға бір компьютерден келеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 11 оқушыға 1 компьютерден келеді, ал ауылды жерлерде 1 компьютер 10 оқушыға, деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасынан.
Үш жыл бұрын бұл көрсеткіш ортаға алғанда бір компьютер 15 оқушыға, ауыл мектептерінде 14 болған.
Облыстық білім басқармасының мәліметтері бойынша, 449 мектептің барлығы да 100 пайыз интернетпен қамтылған. Ал кең жолақты интернетке 435 мектеп қосылып, бұл көрсеткіш 95 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ 138 мектепте 690 интерактивті тақта орнатылған, ал 73 мектепте (51 ауыл мектебін қосқанда) электронды оқыту жүйесі енгізілген.
Жамбыл облысындағы білім бер жүйесін қаржыландыруға 2015 жылы 75 млрд. теңге бөлініп отыр.