Жамбыл облысында 12 600 жаңа жұмыс орны құрылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында - 47 900 адам, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 20 200 адам еңбекпен қамтылды. Олар аймақтағы жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 42,2 пайызын құрайды.
None
None

Жамбыл облысы әкімдігі еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бастапқыда 13 229 жұмыс орындары жоспарланған. Бүгінгі күні жаңадан құрылған жұмыс орындарына - 16 169 адам, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 12 679 адам еңбекке орналастырылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 4 646 адам тартылды. Маусымдық жұмыстармен 14 440 адам қамтамасыз етілген. Бос орындарға 4 610 адам орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар