Жамбыл облысында 2009 жылғы астықтың түсімі өткен жылға қарағанда төрт есе жоғары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында биылғы жылы астықтың түсімі өткен жылға қарағанда төрт есе жоғары болды. Тамыздың 19-ында аяқталған астық жинау науқанының түпкілікті қорытындылары осындай, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.
None
None

 Биылғы жылы әр гектардан 24,6 центнерден астық жиналды. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 3,8 есе жоғары: 2008 жылы әр гектардан 6,5 центнерден өнім алынған болатын. Биыл 221,6 мың гектар алқапқа астық себілді, ол өткен жылға қарағанда 30,8 пайызға артық (2008 жылы 169,4 мың гектар алқапқа егін егілді), - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Асылбеков.

 «Облыс азық-түлікпен және астықпен, тұқыммен өзін-өзі толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстан тыс жерлерге сату үшін де мүмкіндігіміз бар», - деді Мұрат Асылбеков.

Соңғы жаңалықтар