Жамбыл облысында 2011 жылдың басынан бері 90-нан астам тонаушылық шабуыл ашылды

ТАРАЗ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жыл басынан бері облыста 90-нан астам тонаушылық шабуыл ашылды, деп хабарлады аймақ ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 жастағы Тараз тұрғыны басқарған қылмыстық топтың келтірген жалпы материалдық шығыны 18 млн. теңгеге жуықтады.

«Қылмыскерлер ұйымдасқан және кәсіби түрде әрекет етті: олар пластикалық терезелерді бұзып кіріп, ақша мен зергерлік бұйымдарды ғана ұрлаған, кезекті істерінен кейін өздерінше шалқып, тойлаған», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері басқа да ведомстволардың бөлімдерімен бірлесе отырып, тонаушылық шабуылға күдіктілерді ұстап, уақытша оқшаулау абақтысына қамады.

«Олар қазірдің өзінде 14 оқиға бойынша кінәларын мойнына алды. Айғақ заттардың бір бөлігі тәркіленді. Осы топтың Алматы және Шымкент қалаларындағы 10-нан астам пәтер ұрлығына қатысы туралы ақпарат алынды, тергеу жүргізілуде», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыстық ІІД КПБ жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бірнеше қылмыстық топтардың мүшелері ұсталды. Зардап шеккендердің материалдық шығындары 2 млн.-нан 14 млн. теңгеге дейін жеткен, деп нақтылады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар