13:26, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Жамбыл облысында 26 жастағы қылмыстық ортаның «беделдісі» қолға түсті - ІІМ
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық ортаның 26 жастағы «беделдісін» құрықтады.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Тексеру барысында «беделдіден» бір ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізіп, күдіктінің атыс қаруын пайдалана отырып, 28 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты бұзақылық жасағанын дәлелдеп отыр. Ол қамауға алынды», - дейді Н. Ораз.
Осы оқиғаға қатысты қаруды заңсыз сақтау және бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.