21:08, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында 263 нысанды жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізілмек ? Жол картасы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында аймақтық еңбекке тарту стратегиясы ауқымында жөндеуді және жаңартуды талап ететін 263 нысан белгіленді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұлар ? жолдар, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық саласы нысандары.Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, осы шараға 6,7 млрд. теңге көзделген болса, оның ішіндегі 5,2 млрд. теңге республикалық бюджеттен, ал 1,5 млрд. теңге ? жергілікті бюджеттен бөлінбек.Бүгінгі күні 263 нысанның 225-і бойынша мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс жарияланып, оның 117-і нысаны бойынша конкурс өткізілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанын жаңарту және дамыту жөніндегі он нысанның жеңімпаздары анықталды, оған 1,6 млрд. теңге бөлінген. Облыстық маңыздағы және Тараз қаласындағы 25 автомобиль жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 1,6 млрд. теңге бөлінді.Облыс көлемінде 113 білім беру нысанын жөндеуден өткізу жоспарланған (бұл мақсатқа 2 млрд. теңге бөлінбек), он денсаулық сақтау нысанына (557,4 млн. теңге), алты әлеуметтік қамсыздандыру нысанына (129,4 млн. теңге), бес спорт (65 млн. теңге) және 94 әлеуметтік-мәдени нысанға (739,9 млн. теңге) қаржы бөлінді.