Жамбыл облысында 28 000-нан астам адам тұмауға қарсы егілді
Бұл туралы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихатында облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Гуля Мырзабекова айтты.
«Егілгендердің басым бөлігі (85 пайыз) - балалар үйлерінің, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, қарттар үйлеріндегі ардагерлер, - ден нақтылады ол. - Балабақшаларда тыныс жолы ауруларымен сырқаттанғандар 5-10 пайызды құрайды, бұл егу шараларының алдын ала жүргізілгенінің оң нәтижесі».
Оның айтуынша, егу шаралары тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді, сондықтан да мемлекеттен қаржыландырылмайды. Ал 24 000 адамды егуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, тағы үш мың егу шаралары Тараздың мекемелері есебінен жүргізілді және мыңнан астам адамды егу жеке адамдардың көмегімен атқарылды.
«Облыстың барлық емдеу мекемелерінде ақылы егу шараларынан өтуге болады», - деді ол.