12:11, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Жамбыл облысында 3 жасар бала суға батып кетті
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - 16 сәуір күні таңғы сағат 10-да Жамбыл облысының Тараз қаласында «Аса-Талас» арнасының жағасында ойнап жүрген 3 жасар бала суға құлап, батып кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен хабарлады.
ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД Суда құтқару қызметінің күшімен (жеке құрамның 6 маманы мен 1 техника) бүлдіршіннің денесі судан 11 сағат 55 минутта шығарылды.