Жамбыл облысында 350 млн. теңгеге 125 жылыжай құрылысы жүргізілуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Қордай және Жамбыл аудандарында 350 млн. теңгеге 125 жылыжай құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан.
None
None

«Енді бір-екі жылдан кейін жамбылдықтар жабық топырақта өсірілген жеміс-жидектерге қол жеткізе алады», - дейді облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Әсілбеков.

Оның айтуынша, бұл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аграрлық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіруінің арқасында мүмкін болып отыр.

Соңғы жаңалықтар