Жамбыл облысында 500 түп қарасора табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік аймақтық басқармасы Тараз шекара жасағының С.Шәкіров атындағы заставасының шекарашылары Меркі аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, ауылшаруашылық бөлімінің жұмыскерлерімен рейд өткізу барысында мемлекеттік шекара желісінен 10 шақырым жердегі «Шошқалы» шатқалында қарасора егілген жерді анықтады.
None
None

Қоршалған егістіктен 500-ге жуық түп өсірілген қарасора алынды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Аталған фактінің материалдары Жамбыл облысына қарасты Меркі аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар