20:03, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында аграрлық сектордағы өндірістің даму қарқыны сақталуда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мемлекет тарапынан елеулі қолдаудың нәтижесінде аграрлық сектордағы өндірістің даму қарқыны сақталуда, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы ауқымы 84,4 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылғымен салыстырғанда 17,4 пайызға артық. Аймақта бидай, май өнімдері, картоп, ет, сүт, жүн, жұмыртқа өнімдерінің өндірілуі артты.
Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен 1 739, 3 млн. теңге бөлініп, оның барлығы да игерілді.