Жамбыл облысында алдағы 1-2 жылдың ішінде 27 зауыт-фабрика іске қосылады - облыс әкімі Қанат Бозымбаев

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қазір 3,2 миллиард доллардың 11 инвестициялық жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Жамбыл өңірі бүгінгі таңда бизнес жүргізу рейтингісінде негізгі өлшемдер бойынша республикада алғашқы үштікте тұр. Бизнес дамытуға жергілікті атқару органдары ерекше көңіл бөлуде.
None
None

«Өткен 2 жылда бізде жаңадан 16 зауыт-фабрикалар салынды. Алдағы 1-2 жылда қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан 11 инвестициялық жоба бойынша тағы 27 өндіріс орындары іске қосылады», - дейді Қ. Бозымбаев. Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, «Тараз инвест форум-2012» халықаралық инвестициялық форумы кезінде 5 млрд. доллардың инвестициялық жобалары талқыланды. Оның ішінде бұл жолы 109,1 миллиард теңге сомасына 6 меморандумға қол қойылып отыр.

Соңғы жаңалықтар