18:10, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Жамбыл облысында Алматы - Екатеринбург тасжолында 12 тонна шамасында кәмпит өртеніп кетті
ТАРАЗ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Алматы - Екатеринбург тасжолында 12 тонна шамасында кәмпит тиелген жүк тіркемесі өртеніп кетті, деп хабарлады аймақтың ТЖД баспасөз қызметі.
«Кеше кешке Мойынқұм ауданында Алматы - Екатеринбург республикалық маңызы бар автожолының 394 шақырымында «Scania» автокөлігінің тіркемесінен өрт шықты. Нәтижесінде 11 тонна 790 кг кәмпит жүгі бар тіркеме толығымен өртке оранды», делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құрбан болғандар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Автокөлік Екатеринбург- Алматы бағыты бойынша жылжыған. Өрт себебі және материалдық залал анықталуда.
Тұтану Мойынқұм ауданы ӨБ-12 бірінші бөлімшесінің күшімен жойылды. Өрт бөліміне оқиға орнына дейінгі қашықтық - 220 км, деп хабарлады ведомстводан.