09:48, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Жамбыл облысында «аусыл» дертіне шалдыққан 26 бас ірі қара жойылады
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 29 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданының «Кіндіктас» шаруа қожалығында зертханалық зерттеулер мен талдаудың нәтижесінде 26 бас ірі қара малда «аусыл» дерті расталды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
ҚР АШМ «Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы» РМК-нің қызметкерлері дертке шалдыққан малды жою бойынша дайындық іс-шараларын жүргізуде. «Кіндіктас» қыстағының аумағында карантин жарияланды.