Жамбыл облысында автобус аударылып, 4 адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қордай ауданында «Алматы-Ташкент» тас жолының 205 шақырымында кеше сағат 20.50-де «Алматы-Түркістан» бағыты бойынша бет алған «VANHOOL» жолаушылар автобусы аударылған.
None
None

Онда 43 жолаушы және 2 жүргізуші болған.

Салдарынан 4 жолаушы, оның ішінде 19 жастағы бойжеткен, 41 жастағы әйел, 37 және 24 жастағы ер адамдар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. медициналық көмек көрсетілген 14 адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар