Жамбыл облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің учаскесі ашылды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Жаңа Жібек жолы» ақпараттық шеруінің соңғы күні. Ертеңгісін журналистер, блогерлер, қазақстандық эстрада жұлдыздары, белгілі археолог ғалым және жол құрылысы саласының ардагері мінген автобус Тараз қаласынан Алматы бағытына  қарай жолға  шықты, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шерушілер мінген автобус Құлан ауылының маңындағы дайын жолдың бойымен жүріп өтіп, жол қозғалысын ашты.

Жол бойында оларды  «Қазақжолқұрылыс» компаниясының басшысы Леонид Стрельский қарсы алды. Айтып өту керек, бұл жолды қазақстандық «Қазақжолқұрылыс» компаниясы салған болатын. Леонид Стрельский  Құлан ауылының ішімен өтіп жатқан көлік ағынын азайту мақсатында  жобада  айналма жол салу қарастырылғанын айтып өтті.

Оның айтуы бойынша, бұл жолмен тәулігіне  4000 көлік жүріп өтеді екен. Бұрын олар ауыл ішімен өтетін болса, енді олар ауылға соқпай-ақ, тіке өтеді. Бұл  біріншіден ауыл тұрғындарының  қауіпсіздігі  мен елді мекеннің  экологиялық  ахуалына оң әсерін тигізеді. Айналма жол құрылысының  жобасына енген жол өтпесі көліктердің қажет бағытына қарай өтуін қамтамасыз етсе, жергілікті тұрғындардың магистраль арқылы ауылға  кедергісіз әрі баруын қамтамасыз етеді, әрі бұл қауіпсіз.

Бүгін жол қозғалысы ашылған жол өтпесінде ақпараттық шеруге қатысушылар журналистермен кездесті.

Сәл кейінірек «Жаңа Жібек жолы» ақпараттық  шерушілер командасымен ҚР Көлік және коммуникация  вице-министрі Азат Бектұров кездесті. Вице-министр қатысушыларға Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің атынан алғыс хат ұсынып, жобаға қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге салып өтейік, ақпараттық шеруді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан» РТРК және  Қазақстанның автожолшылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ақпараттық  турдың  қалай өткені  туралы  Интернет арқылы  Twitter-ден (#ZEZK), «Қазақстан»  ұлттық  арнасының  эфирінен  (Жаңалықтар 20.30)  және  «Бірінші арна Евразия» (Новости 18.30), «Астана» және  «Қазақ радиосы» эфирлерінен, «Қазақпарат» жаңалықтар таспасынан  біле аласыздар.

«Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» магистралін қайта салу Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  бастамасымен 2009 жылы қолға алынды.  Батыс пен Шығысты жалғаған сауда магистралі - «Ұлы Жібек жолын»  бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртуды Елбасы өзі ұсынған еді. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдар қабылданып, жобаны  жүзеге асыру  туралы келісімге қол  жеткізілді.

Бұл жоба Қазақстан үшін еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстігі мен батыс өңірлерінің  бір-бірімен сенімді көлік байланысын орнатуы үшін де  тартымды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі  бұл - Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа жолы. Бұл қашықтықты аталған көлік дәлізімен жүріп өтуге  10 күн кетеді, ал темір жол арқылы жүріп өтуге 15 күн жұмсалатын болса, теңіз арқылы аталған қашықтықты жүріп өтуге бір жарым ай  уақыт (45 күн)  кетеді.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық учаскесінің ұзындығы  2 787 км құрайды,  соның  2 452 км  қайта салуды қажет етеді. Қазір  құрылыс жұмыстары  4 облыста: Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда 34 учаске бойынша  1 621 км  жолы бойында   жүргізілуде. Бүгінге  215 км құрайтын  Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда обл. шекарасы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 700 км жолды тапсыру көзделуде. Қазақстандық учаскені толық аяқтау және пайдалануға беру  2015 жылға жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар