Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 6 мың жұмыс орны ашылады

ТАРАЗ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі жобалар бойынша 6 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
None
None

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, қазіргі кезеңде өңірде бағдарлама аясында 482,2 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде. Инвестициялық жобалардың жартысынан астамы аудандардың еншісіне тиесілі. Қалған бөлігі облыс орталығында іске асырылуда. Құны 80 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба қолданысқа тапсырылды. Тағы 9 нысанды 2013-2014 жылдары іске қосу жоспарлануда. Соңғы екі жыл ішінде облыста 400 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында үш жоба проблемалы болып табылады. «Запчасть» АҚ бойынша екі жоба және Хантау цемент зауыты қаржы, шетелдік мамандар және инвестициялар жөнінен тығырыққа тіреліп отыр», - деп түсіндірді ведомстводан.

Аймақта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үлестірілген қаржы көлемі 2012 жылы екі есеге артып, 3,2 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар