Жамбыл облысында екі бала суға кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап облыс су қоймаларында 12 адам суға кетті, олардың 4-еуі бала.
None
None

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Тараз шетінде жеке секторда 29 мамыр күні 2 жастағы бала үй маңында ойнап жүріп, абайсызда арыққа құлап, батып кеткен. Сол күні Байзақ ауданы Талас өзенінде суға түсуге келген 4 жасар бала да батып кеткен.

Еске салсақ, өткен аптада ТЖД жедел құтқару қызметі өзенде батып кеткен екі адамды іздеген. Байзақ ауданы Талас өзенінде 28 жастағы азамат жоғалып кетті. Шу ауданы Шу өзенінде 33 жастағы ауылдық атпен көпірден өтіп бара жатып, батып кеткен.

Іздеуге ТЖД-дан 20 адам, 3 бірлік техника тартылды.

Белсенді жұмыстардың жүргізіліп жатқанына қарамастан, жыл сайын облыс су қоймаларында 70-тен астам адам зардап шекті. Олардың 15-і суға кеткен.

Соңғы жаңалықтар