08:08, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Жамбыл облысында экономикалық белсенді халықтың 94,5 пайызы жұмыспен қамтылған
РАЗ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында 557,4 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл экономикалық белсенді халықтың 94,5 пайызын құрайды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2011 жылы жұмыссыздық өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайыздан 5,5 пайызға дейін қысқарды. Мамандардың пікірінше, бұған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының жүзеге асырылуы және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа өндірістердің іске қосылуы игілікті ықпал етті.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша, жамбылдық жоғары оқу орындарының 1 498 түлегі жұмыспен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік жұмыстарға 1 013 адам тартылды.
Бүгінде облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 589,6 мың адамды құрайды.