Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жасалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.  Қазанның  31-і.   ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -   Жамбыл   облысының әкімі Бөрібай  Жексембиннің   өкімімен   Күлімхан   Тоғызбаева          облыстық   мәдениет басқармасының бастығы  міндетін атқарушы   болып тағайындалды. 
None
None

Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісіне  аймақ  әкімінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

К.Тоғызбаева  бұған дейін   «Нұр Отан»  партиясының   облыстық филиал төрағасының  орынбасары  болып  қызмет  етіп келген.

Облыс  әкімінің     өкімімен,    сондай-ақ  Жамбыл облыстық әкімдіктің  табиғат  ресурстары  және    табиғатты  пайдалануды реттеу  басқармасының бастығы  болып  Сәкен  Арубаев  тағайындалды.  Жаңа қызметке  тағайындалғанға дейін ол   жер қатынастары басқармасының бастығы  болған.

Соңғы жаңалықтар