Жамбыл облысында қант қызылшасы өндірісін несиелеуге биыл 500 млн. теңгеге жуық бюджет қаражаты қарастырылып отыр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында қант қызылшасы өндірісін несиелеуге биыл 500 млн. теңгеге жуық бюджет қаражаты қарастырылып отыр,
None
None

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында қызылша өсіруді қайта түлетуге арналған қаражатты облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың ұсынысымен облыстық мәслихаттың депутаттары бекітті.

Бұдан басқа қант өндіретін жергілікті кәсіпорын - «Қант» АҚ жамбылдық қызылша өсірушілерге сатып алу бағасын 7 500 теңгеден 10 мың теңгеге дейін көтеруге міндеттенді.

«Біз қызылша егістігі үшін мың гектар алқапты жалға алып, шаруаларға техника, сапалы тұқым және қызылша өсірудің заманауи технологиясын ұсынбақпыз», - деді «Қант» АҚ директоры Александр Шлегель, оның айтуынша, бұл шаралар өңірде қызылша шаруашылығын қайта түлетуге мүмкіндік беретін болады.

Соңғы жаңалықтар