Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасы өтті (ФОТО)

Жарысқа республиканың Судьялар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Серік Байбатыров, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және тағы басқалар қатысты.
Іс-шараны ашқан С.Байбатыров республика судьялары арасындағы мәдениет пен спортты дамыту, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру спартакиаданың мақсаты мен міндеті болып табылатынын атап айтты.
Өткізілген спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды - Алматы қалалық соты, екінші орынды - Алматы облыстық соты, үшінші орынды - Оңтүстік Қазақстан облыстық соты иеленді.
Жарыстың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды.