09:27, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында қажетті 150 мың тонна астыққа сәйкес 230 мың тоннадан астам азық-түлік бидайы жиналды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында қажетті 150 мың тонна астыққа сәйкес 230 мың тоннадан астам азық-түлік бидайы жиналды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында.
Облыстық ауыл шаруашылығы бақармасының бастығы Мұрат Асылбековтың ақпараты бойынша, биылғы жылы облыс аграрлары 230,1 мың гектардан 364,6 мың тонна астық жинаған, соның ішінде 232 мың тоннаны бидай құрайды. «Жамбыл облысына жылына 120 мың тонна азық-түлік бидайы мен 30 мың тонна екпе бидайы қажет. Сондықтан 2010 жылғы егін науқаны аймақ қажеттілігін толықтай өтеп отыр», - деп атап өтті ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.