13:29, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданында ҚР ҰҚК шекара қызметінің екі өкілі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері 22 шілдеде ҚР ҰҚК шекара қызметінің капитаны 2038 ә/б пәтерді қолданысқа беру қызметінің бастығы А., сонымен бірге ҚР ҰҚК шекара қызметінің майоры 2038 ә/б басқарма офицері М. ұсталды», - деді ведомствода.
Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасасуға ықпалдасқаны үшін 400 мың теңге мен «Самсунг Галакси-С6» ұялы телефонын беруі тиіс еді.
Кәсіпкерлік қызметі туралы шарт сұйық қалдықтарды шығаруға қатысты болған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.