Жамбыл облысында мал дәрігерлік зертханалары жаңғыртылуда

ТАРАЗ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мал дәрігерлік зертханалары жаңғыртылуда, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.
None
None

«Елбасының қойған тапсырмалары бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын халықаралық стандарттарға көшіруге байланысты әр ауданда қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген заманауи стандартты-үлгілі модульді зертханалар болуы тиіс», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал дәрігерлігі бөлімінің әдіскері Қылышбай Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні Жамбыл облысының аудандарында заманауи жаңғыртылған 6 мал дәрігерлік зертхана бар. Мұндай бір зертхананың құны 109 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ 2009 жылы 298 млн. теңгеге облыстық мал дәрігерлік зертхана салынды.

«Біздің облыста 1 облыстық және 9 аудандық зертхана бар»,- деді К. Ахметов.

Заманауи модульді зертханаларды Жамбыл, Байзақ, Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарында салу жоспарлануда.

«Мұндай зертханалар тез арада салынып бітеді, олар стандартты блоктардан тұрады. ҚР АШМ ветеринарлық қадағалау комитеті тапсырушы болып табылады, ол жобаны қаржыландырады, ал қадағалауды облыстық аумақтық инспекция іске асырады. Құрылыс жоспар бойынша жүзеге асырылуда», - дейді К. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар