Жамбыл облысында мерекелік күндер тыныш өтті - аймақтық ІІД

ТАРАЗ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жаңажылдық мерекелік күндер Жамбыл облысында әдеттегідей болды, деп атап өтті аймақтың ІІД баспасөз қызметінде.  
None
None

«Елеулі қылмыстарға жол берілген жоқ, мерекелік күндері қылмыс аз болды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде, облыстың ІІД-нің барлық жеке құрамының қызметі күшейтілген режимде өткендігі, барлық ведомстволық бөлімшелер қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде іске қосылғаны атап өтілді.

Бұдан басқа, адамдар көптеп жиналатын, соның ішінде көңіл көтеретін орындарда полицияның патрульдық жасақтары ұлғайтылды.

Қаңтардың үш күні бойынша облыста 89 қылмыс тіркелген, олардың 21-і қоғамдық орындарда жасалды. Бұл ретте 35 қылмыс ашылды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар