Жамбыл облысында орын алған жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті, оның ішінде бесеуі - балалар

ТАРАЗ. 1 шілде. ҚАЗАҚПАРАТ - Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Тараз-Аса ауылы аралығындағы тасжолында тоғыз адам зардап шекті, олардың бесеуі балалар, деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«30 маусым күндізгі уақытта Тараз-Аса жергілікті маңыздағы автожолының 18-шақырымында Жамбыл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның салдарынан тоғыз адам жапа шекті, - делінген ведомствоның хабарламасында. - Соның ішінде 4 ересек адам және бес бала, олардың арасында үш айлық сәби де бар».

Түрлі жарақат алған жапа шегушілер облыс орталығының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Үш ересек және үш баланың жағдайлары ауыр, олар бірінші қалалық және облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімдерінде жатыр.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, 32 жастағы «Мерседес Бенц 312D» автокөлігінің жүргізушісі Қаратау қаласынан Таразға қарай бағыт алған, рөлді басқара алмай, көлігі аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы жылдамдықты асырғаннан орын алған деген болжам жасалуда.

Соңғы жаңалықтар