20:24, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Жамбыл облысында өткен тәулік ішінде жол-көлік апаттарында үш адам қаза тапты
РАЗ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында өткен тәулік ішінде жол-көлік апаттарында үш адам қаза тапты, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Шу қаласында «Ауди-100» көлігінің 26 жасар жүргізушісі ер азаматты қағып кетіп, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады ТЖД басапсөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов. Ол нақтылағандай, 35-40 жастағы еуропалық нәсілді жаяу жүргіншінің жеке тұлғасы анықталуда.
Сонымен қатар, Байзақ ауданында түнгі уақытта Тараз-Шахан тас жолының 29 шақырымында «Volkswagen Golf-3» автокөлігінің 25 жасар жүргізушісі көлікті басқара алмай, оны аударып алды. ЖКО салдарынан жүргізуші мен 26 жасар жолаушы алған жарақаттарынан Тараз қаласының ауруханасында қаза тапты, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.