Жамбыл облысында парақорлық фактілері бойынша қылмыстар саны артып отыр - Қаржы полициясы

Бұл туралы бірінші тоқсан қорытындысына арналған брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, қаржы полициясының полковнигі Руслан Жалбинов мәлім етті.
Оның айтуынша, жемқорлық қылмыстардың ішінде ең көп таралғаны парақорлық, әсіресе пара алу болып отыр. Мәселен, анықталған парақорлық фактілері бойынша қылмыстар саны екі есеге (5-тен 10-ға дейін) артты. Жыл басынан бері қаржы полициясы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара берудің 4 фактісі мен олардың пара алуының 6 фактісі анықталды.
«Үш айда департамент тарапынан осы фактілерге қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды. 2010 жылдың осы мерзімінде осындай 5 оқиға болды», - деп хабарлады қаржы полициясының полковнигі.