Жамбыл облысында полиэтилендік құбырлар шығаратын зауыт ашылды

АРАЗ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында құны 3,46 млн. еуро тұратын полиэтилендік құбыр шығаратын зауыт ашылды.
None
None

«Тараз құбыр зауыты» (Астана қаласы «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС филиалы) облыс орталығына жақын жерде, Байзақ ауданында орналасқан.

Бүгінгі таңда зауыттың бірінші желісінің өнімділігі сағатына 250 килә өнімді құрайды.

Жаңа зауытты аша отырып, облыс әкімі Қанат Бозымбаев аймақта полиэлитендік қысымды құбырлардың тапшылығы байқалып отырғанын, және де зауыт өнімінің отандық құрылыс индустриясына, аймақтағы су және газ жеткізуші желілердің жаңартылуына, ауыл шаруашылығында тамшылатын суару жобасын жүзеге асыруға арналатындығын атап өтті. «Бұл облыстағы экономика саласының нық дамуына мүмкіндік туғызып, халықтың әлеуетін жақсартады», - деді Қ.Бозымбеев.

Алдағы уақытта қазіргі жұмыс істеп тұрған желіге қуаттылығы сағатына 500 және 1000 килә өнім шығаратын екі желі қосылады. Жаңа полиэтилендік құбыр шығару зауытының іске қосылуының арқасында 500 жұмыс орны құрылады.

Соңғы жаңалықтар